Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

QARMETТІҢ ЖҰМЫСЫ БАҚЫЛАУДА

c 19:54, 14/08 c 38

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім 15 жыл бойы Қарағанды шахталарын пайдаланып келген миллиардер Лакшми Миттал қазақ үкіметінің сенімін жоғалып, Арселлор Митталдың аты да, иесі де өзгерген болатын. Себебі, шахталарда апаттар жиі орын алып, қайғылы жағдайға ұласып кетті. Лакшми иелік еткен жылдары апаттардан 194 шахтер қаза болды. Жұмысшылардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе туындап, ақыры үнді олигархымен Қазақстан билігі ынтымақтастықты тоқтатқан еді. Өткен жылы Қарағандының шахталары отандық олигарх Андрей Лаврентьевтің қолына өткен еді. Лаврентьев Лакшмиден «Қарметті» 286 млн долларға сатып алды. Өндірісте өзін көрсетпеген Андрей Лаврентьев ірі кәсіпорынды құлдыратып алмай ма деген сыни пікірлер де айтылған болатын. Ал ел Президенті Qarmet –ң қожайынына қатал талап қойған болатын. Комбинатты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, дайын өнім экспортын қолдау шараларын қамтамасыз ету, анықталған экологиялық бұзушылықтарды жою, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа инвестициялық келісімшарттар жасап, өнімсіз шығындарды азайтуы керектін.
Қарағанды өңіріне жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы енді сол талаптардың қалай орындалып жатқанын өз көзімен көргенді жөн деп тапты.

Ақорданың хабаралуынша, Президент қасым-Жомарт Тоқаев №3 домна пешінің жұмысымен танысты. Мұнда жылына 3,8 миллион тонна шойын өндіріледі. «Qarmet» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен кәсіпорынның бас директоры Вадим Басин Президентке өндірісті дамыту үшін атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндады. Бұл мақсатқа 3,5 миллиард доллардан астам қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек 500 миллион доллар шамасында Көмір департаментіндегі және 978 миллион доллар көлемінде Темір рудасы департаментіндегі жобаларға қосымша инвестиция құю жоспарланған. Кәсіпорынның ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 100-ден астам нысан жөнделмек.

Сондай-ақ, Qarmet басшылығы кәсіпорын 2028 жылға қарай жылына 5 миллион тонна болат шығаруды, 9 миллион тонна көмір және 5 миллион тонна темір рудасы концентратын өндіруді жоспарлап отырғанны мәлімдеді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 66 пайыз өсімді қамтамасыз етпек. Мемлекет басшысы өнеркәсіп қауіпсіздігі, өндірістің тиімділігін арттыру және жаңғырту, аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалардың мерзімі мен жоғары сапа стандарттарын қатаң сақтау қажет екеніне баса назар аударып, бірқатар нақты тапсырма берді. Бүгінде «Qarmet» компаниясында 34 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Металлургиялық комбинаттың өндірістік қуаты жылына 5,3 миллион тонна болат өндіруге жетеді. Былтыр кәсіпорын 2,9 миллион тонна дайын өнім шығарған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.