0:00 / 0:00
Ішімдік ішіп көңіл көтерудің ақыры тағы да адам өлімімен аяқталды. 23 қыркүйекте Бәйтерек ауданының 1964 жылы туған тұрғыны Орал қаласында тұратын 1985 жылғы танысымен бір дастарханда бас қосып өзара сөзге келіп, дау-дамайдың ақыры орны толмас қайғыға соқтырды . Оқиға Зашаган кентіндегі пәтерлердің бірінде болған. Адам өлтірген күдікті марқұмның жүрек тұсына пышақ сұғып алған. Ол алған жарақатының ауырлығынан жедел - жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болған.