Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Прокурорлар инвесторлардың мәселесін шешуге атсалысты

c 18:16, 16/10 c 36

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы инвесторлардың құқығын қорғауды тапсырды. Осы бұйрыққа сәйкес құқығы тапталған кәсіпкерлер әділдік іздеп прокурорларға шағымдана бастады. БҚО-ның прокуратурасына 9 инвестор арызданыпты. Бүгінгі таңда 4 мәселе оң шешімін тапқан. Соның бірі-Теректі ауданына қарасты Юбилейный ауылында орналасқан зауыт.

Биыл Теректі ауданында ірі өндіріс ошағы ашылды. Зауыт қуаттылығын арттыру үшін жергілікті әкімдіктен жер сұрапты. Атқарушы билік түрлі сылтау айтып, құжат сұратып, инвестордың өтінішіне құлақ аспаған.

Прокурорлар фронт-кеңсеге арыз жазып, кәсібін дамытуда қиындықтармен бетпе-бет кездескен инвестормен кездесті. Күні бүгінге дейін прокуратураға 9 кәсіпкер түрлі мәселе бойынша шағымданыпты. Инвесторларды субсидия алу, бюрократия менорынсыз тексеріс мәселесі мазалайды.

Бүгінгі таңда прокуратурға шағымданған 4 инвестордың мәселесі оң шешілген. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 4 млрд 600 млн теңгені құрайды. Кәсіпкерлер 140-тан астам тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.