Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Прокуратурамен жұмыссыздар санын жалған төмендетудің 61 фактісі анықталды

c 17:52, 03/09/2018 c 706

"Жұмыспен қамту-2020" жол картасының жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген. Бұл жөнінде тексеріс жүргізген БҚО прокуратурасы хабарлады. Басты қиындық сапасыз жүргізілген талдау, еңбек нарығына қажеттілікті дұрыс болжамау. Нәтижесінде азаматтар бағдарлама бойынша сұранысқа ие емес мамандықтарға жолданылған болып шықты. Тексеріс кезінде жұмыспен қамту мәліметін жалған түрде жоғарылатып, жұмыссыздар санын төмендетудің 61 фактісі анықталып отыр. Сонымен қатар, жеке азаматқа негізсіз 18 млн. теңге несие беру фактісі әшкере болған. Прокурорлармен 12 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

-"Қоғамдық жұмыс орындарына жалған орналастырудың 11 фактісі анықталды. Мәселен, аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген бір азаматқа жылдың басында селолық округтің аппаратына қоғамдық жұмысқа жіберілген. Сол жерде 6 ай бойы жұмыс жасады деп көрсеткен. Алайда іс жүзінде аталған мерзімде Ақтау қаласының кәсіпорнында жұмыс жасағаны белгілі болды. "Б" есімді жеке кәсіпкердің әлеуметтік жұмыс орнын ашуы үшін заңсыз несие алуының 9 фактісі анықталды",-дейді БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.