Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ПРОБЛЕМАЛЫ КРЕДИТІ БАРЛАРҒА ОНЛАЙН НЕСИЕ БЕРІЛМЕЙДІ»

c 14:54, 01/05/2023 c 116

0:00 / 0:00

Несиеге белшеден батқан қазақстандықтардың проблемасы ушығып барады. Бір несиесін жабу үшін екінші несие алу парктикасы орын алып жатыр. Енді проблемалы креиті барларға банктер онлайн несие беремйтін болады. Тек осылай ғана борыш жүктемесін азайта аламыз дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова.

Ақжолдық депутаттар онлайн кредиттер туралы мәселені бұған дейін де көтеріп, үкіметтен халықтың онлайн кредиттер алу мүмкіндігін болдырмаудың қажеттігін талап еткен еді. Ол үшін кепілсіз онлайн микрокредит беруге тыйым салған елдердің тәжірибесін зерделеу керек деген ұсыныстарын да алға тартқан болатын. Себебі, банктер мен микроқаржы ұймыдары сансыз несие алып жатқандардың табыс деңгейі мен кредит тарихые көбіне ескере бермейді. Соның салдарынан борышкерлердің кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерін уақытылы орындамау сияқты жағдайлар орын алуда.Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова енді проблемалы кредиті барларға онлайн несие берілмейтінін айтты.

Әбіқасымова жақын арада проблемалық кредит болса, борышкерге жаңа кредит алуға тыйым салуға өзгерістерді дайындап, парламенттің қарауына енгіземіз деп отыр. Қазақстандық БАҚ-ң мәліметінше, жеке тұлғалардың кредиттері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5%-ке ұлғайып, 13,1 трлн теңгені құрады. Несиелер осы жылдың басынан бері 21,6%-ке өсті. Ал 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша теңгерімнен есептен шығарылған шарттарды есепке алғанда ағымдағы портфель 16,1 трлн теңгені құрады.Қымбатшылық қысқан сайын, халық несиеге батып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.