0:00 / 0:00
"Ашық сот" шарасының негізгі мақсаты - сотталғандардың қайта қылмыс жасамауына және қоғамға пайдасын тигізуға ықпал жасау. Сот үдерісіне куәгер болғандардың барлығы - түзеу мекемелерінен босап шыққан сотталғандар мен бас бостандығынан шектеу жазасында сотталғандар. Орал қалалық сотымен бұған дейін бас бостандығына шектеу жаза алған өңір азаматы, пробация қызметінің бақылауында бола тұра, қылмыстық іс жасап, 2 мәрте әкімшілік құқық бұзушылық әрекетіне де жасап үлгерген. Пробация қызметінің өтінімімен Қалалық сот Вячеслов Розановтың 2017 жылдың маусым айында тағайындаған бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасын, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасасына алмастырды.
Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, тиісті табыс көзінің болмауынан бұрын сотталғандардың 20%-ы қайтадан қылмысқа ұрынады екен. Пробация қызметкерлерінің айтуынша, сотталғандардың қоғамда өздерін бейімдей алмай, қылмысқа қайта баруына тұрақты жұмысытың болмауы мен ішімдікке ерік беру - басты себеп болса керек. Жыл басталғалы БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің есебіне 2 мың 700 сотталушы алынған.Олардың 50-ге жуығы шалыс басқан көрінеді.
"Ашық сот" шарасына мұрындық болған пробация қызметі жаза басып, теріс жолға түскендерді жұмыспен қамту, қоғамнан өз орнын табуына жәрдесіп келеді. Аталған шараға қатысқан сотталушыларға жұмыспен қамту орталығына келгендер құқықтық кеңес беріп, жаза басқандар медициналық тексеруден өтуге жолдама алады.