Орал қаласында Президенттік көп сайыстың облыстық кезеңі өтті. Спорт аламанына 150-ден астам спортшы қатысты. Жарысқа қатынасқан 9 команданың мүшелері түрлі сайыста өнерлерін ортаға салды. Олар түрлі спорттық сайыста кім мықтыны анықтауға тырысқан болатын. Жарыстың жеңімпаздары Алматы қаласында ұйымдастырылатын ел біріншілігіне жолдама алмақ.