Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ НЕНІ МЕҢЗЕДІ?

c 18:46, 05/01 c 3

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сұқбатын саясаттанушылар мен сарапшылар қызу талқылап жатыр. Сұқбатта экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көп жылдық президенттік басқаруы барысында қателіктер болғаны айтылды. Тоқаевтың айтуынша, Назарбаев ел билігінен кеткеннен кейін, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып қала отырып ішкі шаруаға араласты. Премьер-министрдің, Ұлттық банк Төрағасының, министрлердің, әкімдердің қатысуымен кеңестер өткізіп тұрған. Ел арасында қос билік деген қауесет те тарағанды. Алайда, қаралы қаңтар оқиғасынан соң бәрі өзгерді. Назарбаев өз күшін жоғалтты. Қазір еліміздің бас зейнеткері сайлаулар да ғана бой көрестіп, арасында көршіге қонаққа барып, көзге түсіп жатады. Оның бұл жүрісін де көпшілік сынап та қояды. Тоқаев өз сұқбатында Назарбаевпен айына бір рет телефон арқылы байланысып тұратынын да айтты. Ал қазіргі үкіметтің жұмысына оралсақ, Президент министрлер кабинетінің экономика саласын әлсіретіп алғанын сөзге тиек етті. Жылды қорытындылап, қазіргі мәселелерді талқылап, жаңа жоспарлар жасаймыз. Қазақстанға экономиканың 4 пайыздық өсімі аздық ететіні анық –деді Тоқаев. Жақын арада кеңейтілген отырыс өтіп, үкіметтің жұмысы май шаммен қаралатын сияқты. Депутаттар Бектенов үкіметі тек экономика саласын ғана емес, әлеуметтік мәселелерді де толық шешпеді деп отыр.

Тоқаев сұқбатында, үнемі министрлерден тиімді жұмыс пен шешім қабылдауда батылдық талап ететінін айтты. Қоғамның Үкіметке қойып отырған талаптары орынды. Ашығын айтайын: экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын, деп мәлімдеді президент. Сөз көп, іс аз. Қазір өңірлердегі жағдайды және нақты экономиканың жұмыс істеу тетіктерін жақсы білетін, яғни «жерде» жұмыс істеген мамандар қажет, деді Президент. Естеріңізге сала кетейік, министрлер кабинеті бюджетті нақыталған сайын Ұлттық қордан триллиондап қаржы тартуды жиілетіп алды. Үкімет үш жылға 6 трлн теңгені қордан алып отыр. Онымен қоса сырттан қарыз алу да тоқтамай жатыр. Қазақстанның сыртқы қарызы қазір 167 млрд долларды құрады. Ал елде салынып жатқан жайлы мектепдер де осы қор ақшасынан бой көтеруде.

Ал депутаттар бас сұққан мына жайлы мектеп 10 миллиар теңгеге салынды. Олардың айтуныша, республика бойынша 106 мектеп үш аусымда оқып жатыр. Яғни мектептердегі орын тапшылығы толық шешілмеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.