0:00 / 0:00
Бұл - Оралдағы облыстық тері-венерология диспансері. Аталған ғимарат қажет болған жағдайда ғана коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған немесе індет тіркелген аумақтардан келген облыс тұрғындарын уақытша оқшаулауға арналған орын ретінде пайдаланылмақ. 21 -ші сәуір күні емдеу нысанының қабырғасына ілінген ақпаратқа таныс болған қарпайым халық мәселенің мән-жайын түсінбей редакциямызға хабарласып сала мамандарынан түсіндіріп беруді өтінді.Айта кеткен жөн облыстық тері-венерология диспансері қазір бос. Өйткені ғимарат тек қана қосымша оқшаулау орыны ретінде қолданылмақ. Бүгінде диспансер емделушілері қалалық №3 емханада ем қабылдауда. Барлық көрсетілетін медициналық көмек тоқтатылған емес. Сол себепті бұл емдеу мекемесі шарттым провизорлық стационар болмауы да ықтимал. Облыста бүгінде 4 провизорлық және 4 карантиндік стационарлық орын бар. Ал ковид-19 вирусы анықталған науқастар облыстық инфекциялық аурулар ауруханасында ем алады.