Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Порталдың пайдасы

c 17:16, 11/11/2020 c 467

0:00 / 0:00

Әлеуметтік қызметтер порталы 2020 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс жасап келеді. Негізгі мақсаты- мүгедек жандарға қажетті оңалту құралдары мен қызметтерді жеткізушіден тікелей алуға мүмкіндік беру. Яғни, осы портал арқылы әр топтағы мүгедек сайтқа кіре отырып, әлеуметтік қызметтердің 5 бағыты бойынша көмек алады.
Қазан айында порталдың екінші кезеңі басталды. Порталға жеке көмекшінің, санаторий-курорттық емдеудің және ымдау тілінің мамандарының қызметтері енгізілді. Аталмыш қызметтерді алу үшін міндетті түрде электрондық-цифрлық анықтама болуы керек. Осы орайда сала мамандары тұрғындардың арнайы қолтаңбаны алуға қауқарсыз екенін айтады. Бүгінде порталға дербес тіркеліп, түрлі қызметті алып жүрген азаматтың бірі Миханов Бейбіт. 1-ші топ мүгедегі Бейбіт цифрлық қолтаңбаны алып, өзіне қажетті қызметтерге сұраныс тастап келеді.
Әлеуметтік қызметтер порталына толық көшу 2021 жылдан бастап жүзеге асады. Яғни, кембағал жандар үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек алуға көшетін болады. Басты талап- электрондық -цифрлық қолтаңбаның болуы. Орал қаласында 4989 кембағал жан болса соның тек 2700-інде ғана арнайы қолтаңбасы бар. Ал қалған 2216 мүмкіндігі шектелі жан әлі де электрондық-цифрлық қолтаңбаны алмай жүр.

 

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.