0:00 / 0:00
Биылғы жылдың алты айында БҚО 5000-нан астам қылмыс тіркелген. Бүгінгі күні олардың 70 пайызы ашылған. Бұл туралы полиция қызметкерлері мәлімдеді. Құқық қорғаушылар 485 пәтер ұрлығы тіркеліп, аталмыш қылмыс 23 пайызға төмендегенін атап өтті.
Полиция департаментің өкілдері биылғы жылдың алты айында атқарған жұмыстарын баяндап берді. Құқық қорғаушылардың сөзін сенсек, биыл облыс көлемінде 5000-нан астам қылмыс тіркелген. Қазіргі таңда олардың 70 пайызы ашылыпты. Полиция қызметкерлері жасалған қылмыстың дені ұрлық екендігін айтады. Әсіресе, мал ұрлығы ауыл-аймақта өршіп тұр. Сол үшін Шыңғырлау мен Жаңақала аудандарында жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, тиісті техниканы сатып алмақшы. Сондай-ақ, пәтер ұрлығы да тіркеліп отыр.
Полиция қызметкерлері биылғы жылдың алты айында 291 есірткі қылмысы тіркелгендігін айтады. Заңсыз айналымнан 8 кг астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленіпті.
Полиция қызметкерлері бұқара халықпен байланыс ұйымдастыру мақсатында "Жолда қабылдау" акциясын 4 мәрте ұйымдастырды. Акция аясында азаматтардан түрлі тақырыпты қамтитын 331 өтініш келіп түскен.