Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полиция қызметкері жұмыс орынында өзіне қол жұмсады

c 17:28, 03/12/2021 c 1757

0:00 / 0:00

БҚО ПБ бір қызметкері жұмыс орнында қызметтік қарумен атылып өлді. Оқиға 3 жетоқсан күні шамамен сағат 07:40-та тіркелді. Арнамыздың тілшілері оқиға орнына барып қайтқан еді. Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратының есігі іштен құлыптаулы. Жоспарланған баспасөз брифингі кейінге қалдырылды. Бір белгілісі өз-өзіне қол жұмсап, атылып өлген полиция қызметкері 20 жаста болан. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, марқұм ғимаратты күзету тобында қызмет атқарған. Ол басқармада осы жылдың мамырынан бері жұмыс жасапты. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың осы айына дейін әскери борышын өтеген. Айта кетейік, желтоқсанның бірі күні полиция қызметкері ішімдік ішіп, жол апатын жасап, салдарынан бір адам қаза тапса, алты айлық сәбидің аяғы кесіліп, аруханада ауыр халде жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.