Орал қаласында 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық шарасы өтеді.Осы уақыт аралығында полицей қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Полейцейлер Орал қаласы аумағындағы кез- келген машинаны тоқтатып тексерістер жүргізеді.Бұл жолғы шаралар барысында іздеуде жүрген азаматтар басты назарда болады. Сол себептен адамдардың ұқсастығы, сәйкестігі бәрі тексеріледі.Бұдан бөлек осы уақыт аралығында азаматардың тұрғылықты мекен -жайында тіркелуі, құжатарының дұрыстығы бәрі тексерілетін болады.Осы тексерістерге қатысты Орал қалалық полиция басқармасының басшылығы азаматардан полиция өкілдерінің тексеріс шараларына түсіністікпен қарауларың сұрайды."Мұндай тексерістердің бәрі де сол азаматтардың қауіпсіздігі қоғамының тыныштығы үшін жасалады",- деп мәлімдеді полиция басқармасының мамандары.