0:00 / 0:00
Өткен жылы облыс аумағында 480 бас мал ұрланған. Баукеспелердің құрығына іліккен жануарлардың 317-сін полиция қызметкерлері иелеріне қайтарыпты. Бұл тіркелген қылмыстың 66 пайызын құрайды. Сала мамандары ірі қара малды көбінесе бақташысы жоқ кезде, жол бойында жайылып жүрген жерінде ұрлайтынын айтады. Сондықтан көлік жолын кес-кестеген иесіз түлік кездессе арнайы қораларға қамайды. Қазіргі таңда облыс аумағында 90-нан астам осындай қора бар. Тәртіп сақшылары малын бақыламайтын жандарға әуелі ескерту береміз. Олар осы іс-әрекетін қайталайтын болса әкімшілік жауапкершілікке тартамыз,- дейді.
Сурет https://xn--80ajgpcpbhkds4a4g.xn--p1ai/ сайтынан жүктелді