0:00 / 0:00
Тағы да қымбатшылық. Қымбат өмірден көз ашпаған қазақстандықтарды алдағы күзде бағасы шарықтаған пойыз билеті күтіп тұр. Көлік министрлігі жаңа тариф енгізіп, 1 қазаннан бастап пойыз билетін 20 пайызға өсірмекші. Қымбат билет тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды. Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабаралуынша, бүгінде елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейді және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайды. Соның 62-сінде тариф көтеріледі. Министрлік өкілі билет құны өссе теміржолдағы қызмет көрсету сапасы артады деп жұбатады. Ал билетті қымбаттату есебінен вагондарды жаңартып, теміржолшылардың айлығын өсірмекші.
Соңғы 10 жылда темір жол саласындағы әлеуметтік маңызы бар салалардың тарифі бірде-бір рет өзгермеген. Ал бұған дейін 7 пайызға көтерілгені инфляция құнынан төмен болған. дейді. Еске сала кетейік, темір жол тасымалдаушылары мен жолаушылар тасымалы мемлекеттік субсидия алып отырады. Бірақ ол қаражат жетпейді дейді көлік комитетінің өкілі.
Айтпақшы тағы бір проблема- жолаушылар аптап ыстықта вагондарда кондиционер жұмыс істемейді деп жиі шағымданады. Купелердегі тазалық мәселесі тағы бар. Бұл орайда Ұлттық тасымалдаушы кондиционері жоқ вагондарға сатылатын билеттерге 20%-ға дейін жеңілдік береді деп хабарлайды министрлік. Қолданыстағы жолаушылар вагондары паркі 2 667 бірлікті құрайды, олардың 44 пайызы тозған.