0:00 / 0:00
Бұл жөнінде Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. Көпір үстін жөндеу кезінде барлық көлік қатынастары Зашаған кентімен байланыстыратын тас жол арқылы жүзеге асатын болады. Бұдан өзге 5 шақырымдай жол бөлігіне асфальт төселеді. Осы орайда Деркөлдіктермен қатар, кардиологиялық орталыққа, Дарын, Еуразия лагерлеріне жиі ат басын бұратын жандардың уақытша қолайсыздыққа түсініспеншілікпен қарауын сұраймыз.