Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пневматикалық мылтықпен ату өнері көбіне көп әйел атаулысына оңай түспесі анық

c 00:00, 06/03/2015 c 1309

0:00 / 0:00

Соған қарамастан мұны бүгін облыстық және қалалық білім ошақтарының қыз балалары осы жарыста жақсы өнер көрсетті.Жарыс Кеңес Одағының батыры Мәншүк Маметованың атымен аталып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Пневматикалық мылтықтан нысанаға дәлдеп ату - оңай шаруа емес. Бұл жарыс қиынның -қиыны. Сондықтан жарыс алаңынан көбіне - көп ептілігі бар қыздар табылатыны анық. Бірақ, соған қарамастан сайыс түріне қызығушылық танытып, қатысуды меже тұтқан қыздар қатары жыл санап толығып жатыр - дейді ұйымдастырушылар. Шара мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, пневматикалық мылтықтан оқ ату әдісін дамыту болмақ. Әр мектептен 3 қыз баладан қатысқан қатыушылардың шеберлігін қорғаныс саласының қызметкерлері мен ардагерлер қауымы бағалады. Жарысқа қатысушылар 3 кезеңнен тұратын сыңнан өтулері шарт. Ал, ең үздік - деп танылғандар Республикалық додаға өңір атынан қатысатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.