0:00 / 0:00
Бұл Хамид Чурин бойындағы 5 қабатты пәтердің бірі. Осында екі бірдей кісі өлімі болғанын сырт көз аңғара қоймасы анық. Ешқандай белгі қойылмаған, қан іздері де білінбейді. Тіпті, қанды оқиға орын алған бірінші қабаттағы пәтерден ер адам емін-еркін шығып келеді.
Көрші-көлемнің айтуынша, 6 қазан күні өлі денелерді үй жинауға келген азаматша тауып алған. Ал осы маңдағы дүкеннің сатушылары, сауда жасауға үш ер адамның келгенін жеткізді. Өлі күйінде табылған осылардың екеуі болып шықты.
9 қазан күні кешкілік уақытта полиция қызметкерлері болған оқиға жайлы түсініктеме берді. Алайды оқиғаның жай-жапсары жөнінде толық нақты ақпарат берілмеді.