Орал қаласында пәтер ұрлығы ашылды. 21 қаңтар күні И. есімді тұрғын Абай полиция бөліміне пәтер ұрлығы бойынша арызданып келген. Дереу тергеу тобы құрылып, тексеріс жұмыстары басталып кетіпті. Жәбірленушінің айтуынша, анасының пәтерінен қылмыскерлер 1 млн 500 мың теңге болатын алтын бұйымдарын ұрлап кетіпті. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде 41 жасар қала тұрғыны ұсталды. Ер адам қолға түскен мезетте-ақ қылмысын мойындаған. Бүгінде ұрланған алтын бұйымдар иесіне қайтарылды.