0:00 / 0:00
Елде саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы қызу жүріп жатыр. Аймақтарды аралап кеткен партия өкілдері пандемия барысында барлық сақтық шараларын сақтай отыра, халықпен кездесіп, бағдарламасын жария етіп жатыр. Ал бүгін елордада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды штабының республикалық отырысы өтті. Штаб отырысына өңірлік өкілдер онлайн байланыс арқылы қатысты. Ауыл партиясы болса, бүгінгі насихатын әдеби кездесуге арнады. «Ауылым - алтын тұғырым» әдеби конкурсының негізгі мақсаты - қаламгерлер арасында ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
«Ақ жол» демократиялық партиясының штаб отырысында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде елдегі пандемияғв қатысты санитарлық норманы сақтау қажеттігі айтылды. Партия сайлауда жеңіске жетіп жатса, бюрократия мен сыбайлас жемқорлықты, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық жоюды,экономика мен биліктегі монополиямен күресті қолға алмақ. Сондай-ақ, бизнесті дамыту, қаза тілінің мәртебесін көтеру Ақжолдың басты ұстанымы болып отыр. Партия серкесі сайлаушылармен кездесуде карантин талаптарын сақтай отыра, тым көп адам жинамауға тырысып жатырмыз дейді. Айта кетейік, кейбір партиялар үгіт-насихат жұмысында жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмектер көрсетуде. Алайда, бұл сайлау заңына қайшы әрекет дейді Перуашев.
Ал сайлауалды бағдарламасы ауылды дамытуға арналған «Ауыл» партиясы, қазақстандық отбасыларға 18 жасқа дейінгі баласы үшін ай сайын жәрдемақы төлеуді де ұсынып отыр. Партияның бүгінгі жиыны «Ауылым - алтын тұғырым» атты әдеби кездесуге арналды. Ақындардың шығармалары аулыдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған.
Әли Бектаев – «Ауыл» партиясының төрағасы «Адал» партиясының бағдарламасы парламенттен орын бұйырып жатса, халық әл-ауқатын көтеруге арналған. Қазақстанның халық партиясының бағдарламасы зейнетке шығу жасын 60 жасқа қысқарту, тегін жоғары білім беру, медициналық қызметтің барлық түрін ақысыз етуге бағытталған. Ал қазіргі билік партиясы- Nur Otanның сайлауалды бағдарламасы елдің алдағы бес жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысын қамтыған. Еске сала кетейік, 10 желтоқсаннан бастап алдағы 2021 жылғы парламенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеген бес саяси партияның сайлау алдындағы үгіт –насихат кезеңі жүріп жатыр.