Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Партиялар тартысы

c 09:50, 19/11/2020 c 477

0:00 / 0:00

Коммунистер арасында дау туды. Өздеріңізге мәлім, жақында ғана Коммунистер партиясы Халық партиясы болып атауын өзгерткенді. Алайда, партияның ақсақалы Владислав Косарев бұл шешімге қарсылық білдірген болатын. Енді мәжіліс депутаты, коммунист Косарев халық партиясынан шықтым, жеке Коммунистер  қоғамдық бірлестігін құрамын деп мәлімдеді. Ал оның партияластары бұл жайында хабарсыз болып шықты. Саяси партиялар сайысы қызып тұр. Бір партия өзара келісе алмай бастары дауға қалып жатса, енді бірі сайлауалды бағдарламасын ұсынуда.  Бүгін «Ауыл» партиясының 18 съезі өтті. Алайда «Ауыл» партиясының бұл жиынына алдын -ала тіркелген БАҚ өкілдерінің бәрі бірдей жиынға қатыса алмай қалды.

Ауыл партиясының 18 съезіне алдын ала тіркелген БАҚ өкілдерінің бәрі бірдей жиынға кіре алмады. Партияның баспасөз қызметі карантинге байланысты журналистер саны шектеулі дегенді алға тартты. Бұл БАҚ алалау емес пе деген сұрақты партия басшысына қойған едік.

Негізгі мақсаты - Парламентке өту. Бұл «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының арманы. Алдағы Парламенттік сайлауда мәжіліс мен маслихатта өз депутаттар көргісі келетін партия, осылайша ауылдың мәселесін шешуге болады деген сенімде.

Партия сайлауалды бағдарламасында 2 пайызбен агрокредит беруді, 18 жасқа дейін балаларға жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр. Осылайша  «Ауыл» журналистердің алдында есігін тарс жауып алып жатқанда, коммунистер өздері келді. Жақында ғана атауы ауысқан Қазақстанның Халық партиясының мүшесі, ақсақалы, мәжіліс депутаты Владислав Косарев журналситер үйіне келіп, жақтастарына өкпесін айтты. Коммунист партиядан шықанын мәлімдеді. Косарев партияның атауының өзгергеніне ренжулі. Ол съезд барысында қарсылық білдірген болатын. Партия атауын өзгерте отырып, коммунистік идеологияға сатқындық жасады деп кіналады партияластарын. Елде  коммунистік ұғымның жоғалып кетпеуі үшін Косарев, Қазақстан Коммунистерінің қоғамдық бірлестігін құру туралы туралы шешім қабылдап отыр.

Владислав Косарев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Олар Парламентте қалу үшін атауын өзгертіп, партияның идеологиясын бұзып, таптап жатыр. Кейбір шетелдік инвесторлар үшін бұл елде коммунист деген сөздің болмағаны керек болып тұр. Бірақ ол бәрібір болады»

Алайда, Косаревтің жақтастары оның партиядан кетіп жатқанынан хабарсыз болып шықты. Партия хатшысы Жамбыл Ахметбековке хабарласқанымызда, Косаревтен ешбір өтініш түспегенін айтты. Дегенмен, партия кетем деген адамды ұстамайды деді.

Осылайша, сайлау  алдында ұйқыдан оянатын саяси күштердің тартысы басталып та кетті. Бірі елді қарық қыламын деп ұрандатып жатса, енді бірінің саяси көзқарастары келіспей жатыр. Ал алдағы Парламенттік сайлауға қатысып, бағын сынамақ болып жатқан партиялардың тәбеті артып тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.