Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Партия үндеуі

c 17:58, 22/06/2020 c 649

0:00 / 0:00

"Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясы коронавирус індетін жұқтырған барлық науқастарды ауруханаға жатқызуды үкіметке ұсынып отыр. Ақ жолдықтар орын тапшы болса, медициналық орталықтың қасындағы спорт зал, көрме мен үлкен сауда нысандарын провизорлық стационарға айналдыру керек,- дейді.

"Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясы үкіметке карантин талаптарын күшейтуге байланысты үндеу жолдады. Партия денсаулық сақтау басқармалары ауқымды деңгейде таралған коронавирус инфекциясымен күресе алмай отыр деген пікірде.

"Ақ жол" партиясы үкіметке мынандай ұсыныстарды жолдап отыр. Яғни, барлық науқастарды ауруханаға жатқызып, керек болса барлық стационар мен мобильді әскери бөлімшелерді қолданып, орын тапшы болса қосымша спорт зал, көрме залдары мен барлық алып нысандарды пловизорлық стационарларға жабдықтап, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Және ешбір симптомсыз инфекцияны жұқтырып алған науқастарды емдеуге арналған ережені қайта қарап шығуға шақырады. "Ақ жолдықтардың" ойынша, ауру белгілері жоқ науқастар вирустың таралуына бірден-бір себепкер болып отыр. Сондай-ақ депутаттар антимонополия қызметі коронавирус тесттерінің бағасын бақылап, бәсекелестікке жол ашып, осы нарыққа өзге медицина мекемелерін тартуға мүмкіндік жасауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 17 мың адам жұқпалы індетті жұқтырып алып, 9 мың науқаста ешбір ауру белгілері байқалмай отыр. 11 мың адам сырқатын жеңіп, ауруынан айыққан. 100ден астам адам аурудың кесірінен көз жұмды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.