Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Парақорды ұстап берсең, олжалы боласың

c 11:00, 20/06/2020 c 474

0:00 / 0:00

Парақорлар туралы хабарлама бергендер олжалы болып жатыр. Жемқорлықтың жолын кесуге көмектескендерге 14 млн теңге сыйақы төленді. Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің терегушісі Данияр Бегайдаров хабарлады. Ағымдағы жылдың 5 айында жемқорлық фактісі бойныша хабар берген 87 тұлға ақшалай ынталандырылды. Тергеушінің айтуынша, бұл жағдайда пара алушы ғана емес, пара беруші де жауапқа тартылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Көп жағдайда жеке меншік компания өкілдері пара бергіш болып келеді. Осылайша олар мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстың актілеріне еш кедергісіз қол қойғызып алуға тырысады. 2020 жылдың алғашқы бес айында 172 қылмыс тіркелген. Енді статистиканы салыстыра беріңіз: 2018 жылы пара берушілерге қатысты 232 қылмыс тіркелсе, бір жылдан кейін бұл қылмыс саны 342-ге дейін артқан

Елде кең етек жайған сыбайлас жемқорлықпен күресте құзырлы орган қатардағы азаматтардың көмегін зәру. Жемқорлық фактісі бойынша хабарлама берген қазақстандықтарды ақшалай ынталадыруда. Бұл тәжірибе өз жемісін көрсете бастады. Агенттік бүгінгі күні парақорларды әшкерлеп бергендерге 14 млн теңге ақшалай төлем жасадық деп отыр. Көп жағдайда кәсіпкерлер пара беріп, шенеуніктерді сатып алып жатады. Пара берушіге қатысты жауапкершілік жұмсақтау. Олар белгілі бір жағдайда  қылмыстық жауапакершіліктен босатылуы да мүмкін. Ең бастысы пара беруші өзі мойындап, тергеу барысында парақорды ұстауға көмектесуі керек. Ал егер ол адамды бопсалап, пара алса ол құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Мұндай жағдайда азамат тергеу шараларына көмектеседі. Яғни парақормен кездесіп, ақшасын береді де, оны қолға түсіру шарасын жасауға көмектеседі.

Данияр Бегайдаров – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі «Лауазымды тұлғаға пара бергені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан  айырылу жазасы қарастырылған.Сондай-ақ, айыппұлдар салынып, мүлігі тәркіленеді.Лауазымды қызметке келе алмайды.Әскери шенінен, мемлекеттік наградаларынан айырылады».

Агенттік жемқордық фактісі жайында хабарлаған адамға сыйақы береді. Бірақ бұл хабарлама ашық болуы тиіс. Хабар берушіге өз әріптестеріне, басшысына немесе бизнес әріптесіне қарсы мәлімет беруге тура келеді. Сондықтан, көбі мұндай жағдайда үнсіз қалғанды жөн санайды. Сол себепті, елде парақорлық дерегі бойынша хабарлама бергендерге шығын көзінің 10 пайызын сыйақы ретінде төлейді. Оның өзінде, қылмыстық іс сотта дәлелденсе.

Данияр Бегайдаров – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі «Алайда, ең қатаң жаза адамдардың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік. Бұл жемқордың өзіне жағылған қара күйе ғана емес, оның ұрпағы үшін де қасірет болмақ.Пара бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылу жолы да бар.Егер азамат пара беріп жатқаны туралы  өз еркімен хабарласа, оған қатысты бопсалау болғаны жайында айтса қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қалған жағдайда пара беруші де жемқор болып табылады».

Биыл парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың 20 пайызы мемлекеттік қызметкерлер. Алматыда ЖШС өкілдерінің біріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол 33 млн теңгні Қарасай ауданы әкімінің орынбасарына берген. Ақшаны жалпы қамқорлық үшін ұсынған. Осыған ұқсас қылмыс бойынша елордада «Ақжайық Электро» ЖШС директоры жазаланып, оған 71 040 000 теңге айыппұл салынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.