Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пара алған полиция қызметкері сот алдында

c 17:34, 01/02/2018 c 899

Орал қаласының соты полиция қызметкеріне прокурордың сұраған жазасымен келіскен жоқ. Бүгін, 1-ақпан күні Орал қалалық сотында жемқорлықпен ұсталған ювеналды полицияның бұрынғы қызметкері Альфия Хабибуллинаға үкім шығарылмақ еді. Іс материалдарына сәйкес, 31 қазан күні Хабибуллина мен ювеналды полицияның екі қызметкері жұмыс барысында құқықбұзушылықтар анықтапты. "Перизат" дүкенінде жасөспірімге ішімдік сатылғанын анықтаған Хабибуллина, Найзабекова мен Есеналиева 2 қараша күні дүкен иесіне барады. Лицензиясынан айырылғысы келмеген кәсіпкермен тәртіп сақшылары 300 мың теңге алмақшы болып шешеді. Соңында істі жылы жабу үшін 250 мың теңге беретін болып келісіледі. Хабиббулина ақшаны алуды Есеналиеваға тапсырып, ал Есеналиева параны алғаннан соң көп ұзамай ұсталған көрінеді. Бүгінде Альфия Хабибибуллина өз кінәсін мойындап, процессуалды келісімге қол қойған. Сот барысында прокуратура өкілдері оны полиция капитаны шенінен айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды. Десе де, бұл жазамен сот төрағасы келіскен жоқ, осылайша іс әлі де жалғасын таппақ.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.