Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Пана іздеген кезбелер

c 17:17, 15/10/2019 c 640

0:00 / 0:00

Күн суытып күз түскелі бері әлеуметтік орындардан пана іздегендер қатары артуда. Мәселен облыстық ауруханада өткен жылы суық маусымда 70-ке жуық кезбеге көмек көрсетілсе, күні бүгінге дейін 50-ге тарта үй-күйі жоқ жандарға ем дом жасалған. Әлеуметтік желіні шулатқан бұл оқиға облыстық ауруханада болған. Өздеріңіз көріп тұрғандай күзетшілер сырқат жанды сыртқа шығарып тастаған. Жылжымалы зембілге жатқызылған ер адамға сол маңдағы жүргіншілер араша түсуде. Күздің қара суығында науқасты далаға шығарғандар дәрігердің пәрменін орындағанын айтады. Келеңсіз жайтты ұялы телефонға түсіре бастаған соң күзетшілер оны ішке қайта кіргізген. Видеодағы науқастың аты-жөні Арман Досжанов. 53 жастағы ер адам бас жарақатымен ауруханаға түскен. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні емдеу мекемесіне жүгінгендер саны көп болған. Сондықтан кезекші дәрігерлер тұрғылықты жері жоқ адамды қабылдау бөлімінен терапияға апаруды екі күзетшіге тапсырған. Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың айтуынша енді Арман Досжановқа тиісті ем-шара толық жасалған соң, арнайы әлеуемттік орындарға жіберілмек. Енді өз ісіне салғырт қарағандар жазадан құтылмайды деп сендірді денсаулық мекемесінің қызметкерлері. Дегенмен аурухана басшылығы науқастар көбейген сәтте оларды тасымалдау ісіне кейде күзетшілерді тартатынын жасырмады. Және суық маусымда жандарына пана іздегендер аурухана жағалайтынын да тілге тиек етті. Дәрігерлер оны толықтай тексерістен өткізген. Қазір жағдайы бірқалыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.