0:00 / 0:00
Облыс орталығында еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Жұмашевті еске алуға арналған турнир басталды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын сайысқа 8 команда, 200- ден астам палуан қатысуда. Ел біріншілігі 2002-2003, 2004-2006 жылдары туылған спортшылар арасында өтіп жатыр.
Жас палуандар боз кілемнің үстінде кіл мықтыдан, кім мықтыны анықтауға барын салып, күресіп жатты. Белдесуге келген жас спортшылардың баршасы турнирден жеңімпаз болуға үмітті. Осы жарысқа қатысқандардың бірі -Амиржанов Ануар. Бұл спортшы небары 11 жаста болса да, грек-рим күресінен халықаралық додаға қатысып, шеберлігін шыңдап жүр.
Ақ жайық өңірінде 4-мәрте ұйымдастырылып отырған сайыстың жүлдегелері спорт шеберлігіне үміткер атанады.