Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПАЛЕСТИНАҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМ

c 17:26, 04/06 c 72

0:00 / 0:00

Алматыда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру қажет екенін айтты. Ол үшін осы ұйымға мүше елдер барынша өзекті әрі тиісті жұмыс бағыттарын жұмылдыруы керек деді. Терррорлық қауіп-қатермен күресу және ҰҚШҰ-ға мүше елдер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдау қажет деп санайды қазақ басшысы. Биыл күзде Қазақстан аумағында «Мызғымас бауырластық-2024» және «Жартас-2024» оқу-жаттығу жиындарын өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жиын барысында Тоқаев Палестинаға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады. Бұл мәселеде Қазақстан астанасын Шығыс Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құру қажет деді Президент.

Қазақ Президенті бұл кездесудің халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп жатқанын айтты. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа секторында күн сайын жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатыр. Олардың арасында қарапайым азаматтар, әйелдер мен балалар бар. Миллионнан астам бейбіт тұрғын қиын жағдайға тап болды. Барлық негізгі халықаралық ұйымдар Палестинадағы гуманитарлық ахуалды мүшкіл деп атады. Шын мәнінде, апатты жағдай шегіне жетуге таяп қалды, – деді ол. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Ауғанстандағы жағдайға да тоқталды. Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастағанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл орайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің ортақ ұстанымы болуы керек екенін айта келе, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.