Биылғы жылдан бастап пошта заңнамасына өзгерістер енді. Сол себепті жеке тұлғалардан жөнелтілетін сәлемдеме ашық түрде қабылданатын болады. Яғни, азаматтар барлық хаттар мен сәлемдемелерді ашық түрде қабылдап, оларды тексергеннен соң, жөнелтеді. Сәлемдемені жіберместен бұрын, азаматтардың қолында жеке куәлігі болуы шарт. Сала мамандары бұл жаңашылдық қауіпсіздікті күшейтуге өз жәрдемін тигізеді деседі.