0:00 / 0:00
Олардың төртеуі Қазақстан азаматы болса, қалған екеуі Өзбекстан азаматтары. Соған орай бүгін шаһарымыздағы ауданаралық қылмыстық сотта сыбайлас топта тіркелген Шымкент қаласының тұрғыны Барлыбай Тасболатовты қамауға алу туралы сот үкімі шықты. Білгеніміздей ағымдағы жылдың сәуір айынының екінші жұлдызында қылмыскерлер Чижа бекетінен 11 шетел азаматын қаламызға заңсыз кіргізіп, Казталовка ауданындағы Александар Гавич тас жолымен Саратов облысына тасымалдаған. Айта кетейік аталмыш азамат сәуірдің 5-сінде құрықталды.