Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өз үйім-өлең төсегім

c 20:45, 10/10/2019 c 955

0:00 / 0:00

Парламент Сенаты көпқабатты үй тұрғындарына үй шаруасын бақылауға мүмкіндік беретін заң жобасын талқылады. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша «мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымның жаңа нысанын құру арқылы басқару органдарының қызметін реттеуге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған принцип әр үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады.

Елімізде көпқабатты үйлерді басқару тәртібі түп-тамырымен өзгеріп, 20 жыл бойы қызметін жүргізіп келе жатқан Пәтер иелері кооперативтері жойылады. Көпқабатты үйлердің тұрғындары жаңашылдыққа дайын ба? Мәжілістен қолдау тауып, Сенатқа жеткен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қамтитын заң жобасына сәйкес, енді Пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік иелері бірлестігі  құрылады. Әрине кооперативтер бірден жойылып кетпейді, оларға кәсіпкерлік қызмет жүргізуге мүмкіндік беріледі. Ал көпқабатты үйдің шаруасын тұрғындар өз қолына алады. Қолданыстағыдай пәтер иелері кооперативі сол маңдағы бірнеше үйді басқарып отырса, енді  «Бір үй – бір бірлестік - бір шот» қағидасы енгізіледі.Бұл тұрғындарға қаражаттың түсуін және мақсатты жұмсалуын бақылау арқылы өздерінің үйіне ғана күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Сенаторлар 60 рет өзгеріс енізілген заң жобасының талаптарына күмәнмен қарайды.

Индустрия вице-министрінің жауабынан түсінгеніміз, тұрғын үйге ауқымды  жөндеу керек боп жатса, тұрғын үй жинақ банкінен несие алуға болады.

Бір шаршы метрге 51 теңге төлеуді көптеген тұрғындардың қалтасы көтермейді. Енді бұл сома ай сайын шаршы метрге 12 теңгеден деп белгіленіп отыр. Өкінішке орай, тұрғындардың бәрі бірдей тұрғын үйдің жалпы жөндеу жұмысына ақша шығармайды.Салдарынан, ғимарат апатты жағдайға тап болып жатады. Ал жаңа  заң талабы да үйді тұрғындар есебінен жөндеуді көздейді. Мүлік иелері бірлестігін тұрғындардың бірі басқаратын болады. Басқарушы ресми тұлға болғандықтан, оған жалақы төленеді. Ал қызмет көрсету үшін арнайы компаниялар жалданады. Бірлестік басшысы тұрғындардан ақша жинап, оның жұмсалу барысы туралы есеп беріп отырады.  Аталмыш заң жобасын Сенаторлар бірауыздан қолдап, Президенттің қол қоюына жіберді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.