Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өз үйім болса деп армандайды

c 17:58, 06/02/2019 c 700

0:00 / 0:00

Кешегі Астана қаласында орын алған қайғылы қазадан соң, редакциямызға хабарласып көмек сұраған көп балалы аналар саны күрт артты. Мәселен,  29 жасар Татьяна Ульченкова 4 баласымен шаһардағы  көлемі аядай пәтерді жалға алып өмір сүруде.  Отағасының алатын 42 мың айлығы шайлықтан ауыспайтын көрінеді. Ал, Татьяна болса ата-ана қомқорлығынсыз қалып, балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, баспана кезегінде тұрған көрінеді. Аядай үйде 4 баласымен тұрып жатқан Татьяна күні кеше болған қайғылы жағдайдан соң, балалары үшін қорқыныштың еселенгенін айтады. Балаларының үлкені 7 де болса кішісі не бары 11 айлық.

Татьяна УЛЬЧИНКОВА, қала тұрғыны: -   Біздің бұл үйді паналап жатқанымызға жылдан аса уақыт өтті. Үйдің іші ауа райына байланысты құбылып тұрады. Күн жылыса жылы, ал суық болса есік терезеден жел кіріп,  тоңа бастаймыз. Қызым- Вероникаға 11 ай болды. Жолдасым үнемі жұмыста, балалар тіпті көрмейді. Сонда алатын жалақысы -45 мың-ақ теңге. Оны біз пәтер мен коммуналдық қызмет үшін төлейміз. Қалғанына тек тамақ аламыз. Жеміс-жидек пен  ет өнімдерін тұтынбағалы ұзақ уақыт болды. Жетім өскендіктен үй кезегінде тұрмын. Ай сайын барып бақылып жүрмін. Кезегіме әлі алыс секілді.  Кешегі Астанадағы қайғылы жағдайдан соң, ұйқым қашып,  пештен көзімді алмайтын дәрежеге жеттім. Балаларым үшін өте қатты қорқамын.

Осы орайда аталмыш көп балалы анаға мемлекет тарапынан қандай көмек болатыны туралы білмекке  құзырлы мекемеге бас сұқтық.

ӘСИЯ ҚҰРМАНҚҰЛОВА, Жұмыспен қамту және әлеуемттік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары: - Татьяна өткен жылы әлеуемттік көмек алған. Бір жолғы жәрдемақының құны -28860 теңгені құрайды. Сол уақыттан бері бір жыл өтті. Енді тағы да құжат жинауы қажет. Өткен жылы 236 отбасына бір жолғы әлеуеммік жердемақы тағайындалды. 

Жоғарыда атап өткендей Татьяна балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, 2010 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Қазір облыс бойынша 19 мың адамға  дәл осындай көмек қажет. Осы орайда көп балалы анаға көмек қолын созамын деушілер болса, 8777- 237-09-52 байланыс телефонына хабарласуға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.