0:00 / 0:00
Орталыққа жетуге мүмкіндік беретін жалғыз ғана көшеге тас жол төселмеген. Салдарынан тұрғындар лай су мен балшыққа тізеден батып, діттеген жерлеріне жете алмай дал. Соңғы күндері көп мөлшерде жауған жаңбырдың салдарынан адам аяғы бастырмайтын ми батпаққа айналған жолдар тұрғындардың әбден зығырданын қайнап, наразы халы, арнамызға аяқтай келіп арыздарын жткізді. Мұнымен қоса айналадағы қоқыс та кедергі келтіріп отыр. Шағынауданының тұрғындары батпақ жолдан өту үшін, біраз әбігерге түседі. Осыдан бес жыл бұрын комуналдықтар бұл көшеге ұсақ тас үйіндісін төсегенді. Дегенмен атқарылған жұмыстың нәтижесі тіпті 1 жылға да жетпеген. Біз аталмыш мәселені ТҮКШ-ның мамандарымен талқылап, сұхбаттасқан болатынбыз. Нәтижесінде алдағы уақытта бұл көшеге құрылыс жұмыстары жүргізілетінін білдік. Өздеріңіз естігендей ТҮКШ-ның мамандары Сокол көшесіне ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын бастамақ. Сондықтанда алдағы жылдары тұрғындар үнемі жаңбыр жауған соң орын алатын батпақтан құтылуы әбден мүмкін. Әрине егер жауапты мекеме берген жауабынан жалтарып қалмаса.