Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өткен сенбі шаһарымызда кезекті тазалық шарасы жүргізілді

c 00:00, 06/04/2015 c 647

0:00 / 0:00

Биылғы көктемнің екінші сенбілігіне жалпы саны 11 281 қала тұрғыны қатысқан. Жалпы саны 311 ұйым қала тазалығына ат салысты. Осы жолғы сенбілік соңында барлығы 161 куб метр қоқыс шығарылыпты. Бұл жолғы сенбілікте Зашаған ауылы төңірегі мен Орал - Саратов тас жолы бойы, Жұлдыз мөлтек ауданы маңайында жүргізілді.Тазалық жұмыстары жүргізілген аймақтарда қоқыстар шығарылып, көшеттер отырғызылды.Табиғат ананың жаңарып, түрленетін шағында тіршіліктің бастауы іспеттес көшеттер отырғызылды. Қаламыздың көркіне көрік қосатын көшеттер жақсы күтілсе күні ертең жайқалған терекке айналып, көлеңкесі көпке сая болары сөзсіз. Қала тазалығына осы қаланы мекендейтін әр тұрғын жауапты. «Шаһарымыздағы тазалықты сақтауға белгілі бір мекеме ғана жауапты», - десек қателесеріміз анық. Әркім өзі тұратын үйдің айналасын таза ұстаса, ортақ үйіміз табиғаттың да тазалығы сақталады. Екі ай бойы жалғасатын тазалық айлығына ат салысуды ұмытпағайсыздар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.