0:00 / 0:00
"Отбасы" орталығында арнайы ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында түрлі саланың мамандары орталыққа келген азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Бұл -көпбалалы ана Құралай Арыстанова. Ол толғандырған сауалдарына жауап табу үшін "Отбасы" орталығында жұмыс істейтін мамандарға жолығады. Кейіпкеріміз осы орталықта жаңа кәсіпті меңгеріпті.
Орталықта "Отбасы" күніне орай асық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында жұмыспен қамту мекемесінің мамандары, заңгерлер мен дефектолог тұрғындардың түрлі сауалына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, "Отбасы" орталығы өткен жылы ашылды. Күні бүгінге дейін түрлі сауалдар мазалаған 900-ге жуық азамат мамандар кеңесіне жүгініп, мастер-кластарға қатысып, жаңа білімді алды.
Сурет https://www.inform.kz/ сайтынан жүктелді