0:00 / 0:00
Облыс орталығында жұмыс істейтін "Отбасы" орталығының құрылғанына бір жыл толды. Осы уақыт көлемінде орталық көмек пен кеңес сұрап келген азаматтарға қол ұшын беріп келді. Мамандар сұраныс бойынша 30 бағытты қамтитын шеберлік сыныптарын ұйымдастырыпты.
Осыдан бір жыл бұрын Орал қаласында "Отбасы" орталығы ашылды. Аталмыш орталық бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Кез-келген азамат толғандырған сұрақтарын жолдап, мамандардан кеңес ала алады.
Орталықтан көмек сұраған жандарға арнайы шеберлік сыныптары, мастер-кластар ұйымдастырылады. Қаламызда өз кәсібін атқарып, бүгінде шаруасын дөңгелентіп жүрген шеберлер орталыққа келген жандарға білгендерін үйретуде.
100-ден астам оралдық осы орталықтың көмегіне жүгінген. Олардың бірі -құрақ көрпе тігіп үйренсе, енді бірі -түрлі тәтті тағамдарды пісіруге машықтаныпты. Шеберлерден сабақ алған жандар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, өз істерін бастауды ойға алып жүр.
"Отбасы" орталығына кез-келген азамат толғандырған сұрақтары бойынша хабарласып, мамандардың көмегіне жүгіне алады. Орталық Хамид Чурин 121 мекенжайында орналасқан.