Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отбасы министрлігі керек

c 11:12, 24/09/2020 c 530

0:00 / 0:00

2020 жылдың  8 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 130 мыңға тарта шағым келіп түсті. Нәтижесінде 2,5 мың қылмыстық іс қозғалды, 30 мыңға жуық іс бойныша  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өкінішке орай, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жауапкершілік қатаңдатылғанымен, отбасылық жанжалды шешу жолдары әлсіз. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратын адамдарға жақындарымен кездесуге 30 күнге тыйым салуды ұсынып отыр. Бір айға берілетін қорғау ұйғарымын шығару туралы шешімді учаскелік полицей өз бетінше қабылдайды. Ұйғарымды бұзған адамға  ескерту жасалады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады. Депутаттар отбасындағы жанжалдың салдарынан әйелдер мен балалар зардап шегуде дейді. Бұл мәселе ушығып тұр. Сондықтан Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлеива отбасы, балалар және жастар  мәселесімен айналысатын жеке министрлік құру қажеттігін ұсынды.

Бүгінде әйелдер мен балалардың көбі өзін отбасында қауіпсіз сезінбейді. Ішімдікке салынған жанжалшыл әкеден немесе ата-анасы қосылып араққа салынған маскүнемдерден қорғану қиынға соғып отыр. Тіпті тұрмыстық жағдайы қалыпты отбасында да зорлық-зомбылық орын алады. Отбасындағы зұлымдықтан қылмыс туындайды. Өкінішке орай елімізде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші азаяр емес.

Алексей Калайчиди- ҚР ішкі істер вице-министрі «Осы жылдың 8 айы ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 130 мың арыз түсті. Нәтижесінде 2,5 мың қылмыстық іс қозғалды, оның 30 мыңы – әкімшілік өндіріс. Ал қалғандары бойынша жәбірленушілер арыз-шағымын кері қайтарып алды. Сондықтан тиісті шараларды қолдана алмадық».

Иә, күйеуінен жәбір көрген әйел жанына батқанда полицияға шағымданады. Ол шағым бойынша іс жүргізу процесі бізде бюрократияланған. Жәбірленуші медциналық анықтама жинап, зорлық көргенін дәлелдегенше жан-жақтан туған туыс, тіпті күйеуі ағынан жарылып кешірім сұрап, арызын қайтарып алып жатады. Алайда мұнымен отбасындағы проблема шешілмейді. Көп жағдайда қылмысқа ұласады. Палата төрағасы тұрмыстық зорлық- зомбылық бойынша істі жедел қарап, шешуді бір жолға қою керек дейді.

Нұрлан Нығматулин-ҚР ПМТ «Бұл проблема пандемия барысында карантине отырған кезде тіпті  өршіп кетті.ІІМ мәліметінше, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық ағымдағы жылдың 5 айында 25 пайызға артты. Бұл заң бұзушылық көп жағдайда қылмысқа айналып жатады.Бұл жайында айтпадық. Ағымдағы жылдың төрт жарым айында 47 мың отбасылық зорлық- зомбылықтың тек 8 мыңы ғана сотта қаралған. Қалған жағдайда отбасындағы зұлымдар жазалаусыз қалды».

Отбасында  жанжал шығарушыны 5 тәулікке қамауға алу жазасы бар. Бірақ оның өзі мәселені шешпей отыр дейді прокурор.

Бүгінде  отбасы мәселесімен 18 орган айналысады екен. Алайда, саны көп сапасы жоқ құзырлы органдар ушыққан проблеманы шешуде маңызды рөл ойнай алмай отыр. Тіпті ақапарт және қоғамдық даму министрілігінің өкілі отырыс барысында тұщымды ұсыныс айта алмады. Бұл орайда депутат Бәлиева отбасындағы зорлық-зомбылықты жою үшін, отбасы, балалар және жастар мәселесін жеке дара қарайтын министрлік құруды ұсынды.

Зағипа Бәлиева- ҚР ПМД «Отбасы, балалар және жастар министрлігін құратын уақыт жетті. Бүгінгі күні отбасындағы жанжал көбейіп, ажырасу 22 пайызға артып отыр. 38 мың жұптың ошағы ойран болды. Бұл салада мамандандырылған соттар мен құқық қорғау органында мамандар керек. Жоғарғы сот жүйесінде отбасылық соттарды құру мәселесі жүріп жатыр.Біздің елге отбасылық сот қажет. Тек сонда ғана бұл проблемаға көңіл бөлінеді».

Мәжілісте қаралған  «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратын адамдарға жақындарымен кездесуге 30 күнге тыйым салуды ұсынды. Бір айға берілетін қорғау ұйғарымын шығару туралы шешімді учаскелік полицей өз бетінше қабылдайды.

Ұйғарым бойынша құқықбұзушыға бір ай бойы ішімдік ішуге, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушілерге жақындауға және оларды аңдуға тыйым салынады.Бұл талапты бұзса 5 тәулікке қамауға алынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.