Жыл сайын дәстүрге айналған бұл шараны «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырса, қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Samgau» қауымдастығы қолдау көрсетіпті.
Акция аясында балалар мен ата-аналар үшін түрлі викториналар, қимыл-қозғалыс ойындары мен жол ережесіне қатысты танымдық сайыстар ұйымдастырылды. Ал «Отбасылық сурет» арт-терапия алаңы мен «Отбасы жүрегі» атты флешмоб мерекеге ерекше сән берді.
Іс-шара соңында барлық қатысушы отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мерекелер тек көңіл көтеріп қана қоймай, отбасылар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.