0:00 / 0:00
Орал қаласында орналасқан "Отбасы" орталығы 230-ға жуық жанұяға көмек қолын созған. Аталмыш мекеме өз жұмысын маусым айында бастаған болатын. Күні бүгінге дейін мамандардың көмегіне жүгінген жандар, әлеуметтік, психологиялық сауалдарын жолдап, жауап алған. Орталықтың жұмысы туралы толығырақ келесі сюжетте.
Қиын жағдайға тап болған, тығырыққа тірелген жанұяларға көмектесу үшін Орал қаласында "Отбасы" орталығы ашылған болатын. Төрт айдан бері отбасылардың түрлі мәселесін шешуге атсалысқан мекеме 230-ға жуық жанұяға көмек қылыпты.
Орталықтың көмегіне жүгініп, мәселесін шешкен жанның бірі- Анна Ол осында келіп, тұрғын үй кезегі бойынша кеңес алып, баласын мектепке орналастырыпты. Орталық туралы құрбысынан естіген. Жас ана келешекте іс тігуді үйренгісі келеді.
Орталықта кеңес беруден бөлек, отбасыларға арналған курстар бар. Олардың басым көпшілігі аналардың қызығушылығын дамытуға арналған. Сала мамандары көбінесе мамандардың көмегіне нәзік жандылардың көбірек жүгінетінін айтады. Отбасы орталығына кез-келген жастағы азаматтар жолығып, көмек ала алады. Орталық Хамит Чурин 121 мекенжайында орналасқан.