0:00 / 0:00
Елімізде нақты секторды несиелеу тұралап тұр. Қазіргі уақытта банктердің несие портфелі 13,4 трлн теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 5,4% төмендеген. Шағын және орта бизнес несиесі 12,5% төмендеді. 2018 жылы ЖІӨ-дегі банктік қарыздардың үлесі 56,5%-дан 21,2%-ға дейін төмендеді. Орташа кәсіпорындардың саны да азайып, негізгі капиталға инвестиция азайып келеді , дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиуымының төрағасы Тимур Құлыбаев. Бұл жайында ол бүгін Парламент мәжілісі депутаттарымен кездесуінде айтты.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген зерттеулер бойынша, жүздеген тауар түрлерін ел ішінде өндіруге болатыны мәлім болды. Сауда үйлері мен дүкен сөрелерінде самсап тұрған шетелдік тауарларды 8 млрд долларға сатып алынған. Осылайша, біз өзге елдердің экономикасына қыруар қаржы құйып жатырмыз дейді кәсіпкерлер қауымы. Импортпен келіп жатқан тауар түрлерін өзімізде де өндіруге болады. Осы ойды жүзеге асыру үшін тиісті бағдарлама әзірленіп жатыр.
Тимур Құлыбаев - «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы; «Біз өзімізде ештеңе өндірмейміз. 60 пайызы шетелден тасылады. Жиһаздың өзі Аесейден әкелінеді. Ал авто өндіріс саласының өзінде тек бөлшектерді жинаумен айналысады»
Қаржы саласы сарапшыларының айтуынша, қазақстандықтар тамақ үшін жұмыс істеп жатыр. Бар тапқан таянғаны бағасы шарықтаған азық-түлікке кетеді. Яғни біз аш қаламу үшін жұмыс істеп жатқандаймыз. Дүкендерде сатылып жатқан азық-түлік өнімдерінің 30 пайызы отандық, ал 70 пайызы импортпен әкелінеді. Ал бұл тамақ өнімдерін Қазақстан долларға немесе рубльге сатып алады. Сондықтан шарықтаған доллары бағамы қазақстандықтардың қалтасын қағады. Бұл орайда, жұмыс берушілер тарапынан жалақыны көтеру үрдісі жүргізілмейді.
Тимур Құлыбаев - «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы; «Соңғы 4 жылда азық-түлік бағасы 30-40%қымбаттады. Ал халықтың жалақысы небары 11%-ға өсті. Халық бастапқы қажеттіліктерге қаражат жетіспеушілігін тұтынушылық несие арқылы шешуге мәжбүр. Балалары өсті, олардың сұранысын қамту үшін, мысалы смартфон алу үшін де кредит алады».
Еңбекке қабілетті халықтың 80% жеке секторда жұмыс істейді. Депутат Перуашевтің айтуынша, бизнеске қаржылай қолдау көлемі төмендеген. Шағын және орта бизнесті несиелеу 12,5% төмендеді.Сондай-ақ мәжілісмен, бизнесті дамыту үшін жеріміздің байлығын пайдаланып жатқан шетелдік компаниялардың жауапкершілігін арттыруды ұсынады. Азат Пеурашев, шетелдік компаниялармен тәуелсіздік жылдардың басында қол қойған келісім –шарттарды қайта қарастыру керек дейді.