Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Отандық өндіріске не кедергі?

c 19:16, 26/02/2021 c 602

0:00 / 0:00

Қазақстанда отандық өнеркәсіпті дамыту  мәселесі  өзекті болып тұр. Бүгін Сенатта  «Өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу, оның жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағаты өтті. Депутаттар отандық өнімнің үлесін арттыру, өнеркәсіптердің жұмысына жандандыру үшін жеңілдіктер беру мәселесін талқылады. Индустрия министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, импортталатын өнімнің жоғары үлесі, шикізаттың қолжетімсіздігі, цифрлық технологияларды пайдаланудың төмен деңгейі, сыртқы нарықта ілгерлету кезіндегі кедергілер мен шектеулер және өндірісті жаңғыртуға қаражаттың жетіспеуі өнеркәсіпті дамытуға кедергі болып отыр.

Ел экономикасындағы өнеркәсіп саласының үлесі 27,1 пайызды құрайды. Соңғы он жылда индустрияландыру аясында  көптеген жобалар жүзеге асып, зауыттар ашылды. Бірақ ұрандатып ашылған өндіріс орындарының бәрі бірдей қарқынды түрде жұмыс істеп жатыр деп айту қиын. Көзбояушылық көп. Индустрия министрі сенторларға ішкі өндірісті дамытуға кедергі болып отырған басты мәселерді айтып берді.  Елге импортпен келетін тауардың үлесі тым жоғары болғандықтан, отандық өнім бәсекеге төтеп бере алмай отыр. Оған қоса, шикізатқа шектеу қойылған, цифрлық технологияларды пайдаланудың  деңгейі төмен. Сондай-ақ, өндірісті жаңғыртуға қаражат жетпейді, - дейді Бейбіт Атамқұлов. Осы проблемаларды шешу үшін  «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын әзірленуде. Осылайша, үкімет бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытамыз деген сенімде.

Отандық дәрі-дәрмектің үлесін 50 пайызға жеткізу мақсатына әлі жете алмай отырмыз.

Министр, отандық дәрі-дәрмекті өндіру үлесін арттыру үшін, фармацевтика саласына жеңілдетілген несие береміз дейді.

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру  үшін өнеркәсіптік грант берілетін болады.

Шикізатты қайта өңдеуді тереңдету үшін Қазақстан аумағында өндірілмейтін шикізат пен жинақтауыштарды баждан босату көзделіп отыр.   Ал қазақстандық өнімді сыртқа шығару үшін экспорттаушыларымызға кедергі болып отырған кедендік, әкімшілік және басқа да тосқауылдар алынып тасталатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.