0:00 / 0:00
Оралдағы 5517-әскери бөлімінде де Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай мерекелік шара өтті. «Ашық есік» күніне облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов та қатысып, сарбаздар мен ардагерлерге жылы лебізін білдірді. «Ашық есік» күніне Екінші дүниежүзілік және тәжік-ауған соғысының ардагерлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері, оқушылар, Орал гарнизоны және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517-әскери бөлімінің Ұлттық ұлан жауынгерлері қатысты. Салтанатты шараға қатысушыларды БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов та құттықтап, Қазақстан Қарулы күштерін құру мен қалыптастыруда Елбасымыздың басшылығымен ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылғанын, аға буынның ерлік істерін бүгінгі Отан қорғаушылар абыроймен жалғастырып келе жатқанын жеткізді.