0:00 / 0:00
Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесі 2018 жылы ашылған. Бұл аралықта 500-ден астам оқушы тәрбиеленген. Мұнда әр оқушыға лего құралдарын пайдаланып, қиялындағы роботты құрастыруға мүмкіндік беріледі. Нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дамып, қызығушылығын одан әрі арттыруға талпынады. Үйірме жетекшісінің айтуынша, 5 жастағы шәкірттің өзі болашақта инженер болуды армандап келеді екен.
НҰРБОЛ ҚЫРЫҚБАЕВ
РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Осылайша, робототехника үйірмесі жас жеткіншектердің бұл саладағы қабілетін шыңдады десе де болады. Солардың бірі - Алиислам Құрманғалиев. Талапты шәкірт робототехника үйірмесіне келгенде 1-сыныпта оқитын. Содан бері 7 жыл өтіпті. Бүгінде робототехниканың қыр-сырын меңгеріп, халықаралық жарыстарда бағын сынады. Болашақта ІТ салада қызмет жасамақ.
АЛИИСЛАМ ҚҰРМАНБАЕВ
РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ
Үйірме қатысушылары жинақтаған білім-білігін түрлі деңгейдегі сайыстарда дәлелдеп жүр. Биылғы оқу жылында Астанада өткен Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионатының чемпионы атанып, облыстың жүлде қорын толықтырды. Таяуда Қазақстан құрамасының сапында АҚШ-тың Бостон қаласына аттанған оралдық робототехниктер үздік 10 команданың тізіміне енді. «108 мемлекеттің арасынан алғашқы ондықтың қатарында болып, алтыннан алқа тағу - 7 жылдық еңбектің нәтижесі», - дейді Нұрбол ұстаз. Өскелең ұрпақтың таңдауы - ІТ сала. Бұл бағытқа инвестиция құю болашақ инженерлердің дайындалуына ықпал етеді. Осы орайда робототехника үйірмесі жастардың алғашқы тәжірибе алаңына айналған.