0:00 / 0:00
АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА
ТІЛШІ
Бірлескен оқу-жаттығу жиынына 31 бірлік техника, 130-дан астам маман, 2 жүзу қайығы, 1 тік ұшақ, Зашаған кентінің ерікті өрт сөндірушілері мен орман шаруашылығының күш-құралдары жұмылдырылған. Жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында жедел жәрдем қызметкерлері де тәжірибе алаңынан табылды. Оқу-жаттығудың тапсырма жоспарына сәйкес сала қызметкерлері арнайы техника күшімен орман маңында тұтанған қызыл жалынды оқшаулап, жақын орналасқан елдімекенге таралмауы үшін жедел әрекет жасайды. Өз кезегінде ақ халаттылар жұмысшы мен саңырауқұлақ теруге шығып, жазатайым жарақат алған тұрғынға жәрдемдесті.
ЕРНҰР ӨТЕГЕНОВ
БҚО ТЖД БАСТЫҒЫ
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 216 815 гектарды құрайды. Оның ішінде орман алқабына 87 831 гектар жер тиесілі. Ағымдағы жылы маусымдық кезең сала өкілдерін әбігерге салған. Жаз мезгілінде облыс әкімінің қаулысымен орманға азаматтар мен техниканың кіруіне шектеу де қойылды. 2023 жылы облыстық бюджеттен 1 млрд 187 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат толықтай материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсалыпты.
ҚУАНЫШҚАЛИ ЕСІМОВ
БҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
БҚО ТЖД, орман шаруашылығына қарасты жауапты басқарма табиғи және дала өрттеріне қарсы іс-шараларды жалғастырады. Биылдан бастап аталған мекемелерде байланыс құралдары жаңартылып, бір байланыс желісінде жұмыс жүргізуде. Бұл өзгеріс ұйымдастыру жұмысына серпін беріп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы маусым айында өрт қаупінің алдын алуда техниканың дайындығы тексерілгенін айтады. Ал практикалық жұмыстың бағдарламасына сай залал немесе шығын келтірілген жоқ.