0:00 / 0:00
БҚО Бәйтерек ауданында тұрғын үйдегі өрттен бір адам мерт болып, бір азамат ауруханаға жеткізілді. Оқиға 20 қазан күні түнде Талов ауылында болған. Қаза тапқан ер адам 1977 жылы туылған болса, денесін 40 пайыз күйік шалып ауруханаға жеткізілген зардап шегуші 1971 -ші жылы туған. Оқиға орнында жеке құрамның 5 құтқарушысы мен 2 техника қызмет еткен. Жыл басынан бері облыста 453 өрт оқиғасы тіркелген. Сала мамандары жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында тілсіз жаудың жиі тұтанғанын тілге тиек етіп, сақтық шараларын ұмытпауды тағы да еске салды.