Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өрттен 35 газ баллон шықты!

c 18:40, 23/11/2020 c 792

0:00 / 0:00

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Halalbrothers» дәмханасында орын алған газ балонның жарылысы салдарынан бір адам көз жұмып, 34 адам зардап шекті. Елорданың сол жағалауына тиіп тұрған  Шұбар шағын ауданында өртеніп кеткен дәмханадан құтқарушылар  35 газ балон табылғанын хабарлап отыр. Дәмхана екі қабатты коттеджге жапсарлас салынған. Құрылыс пен қазандықтың ішінара қабырғалары және шатыры құлағаны анықталды. Сонымен қатар 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанған. Қирау 100 шаршы метр көлемде орын алған, құрылыстың жалпы көлемі 600 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендердің 23 ауруханада ем алуда, 3 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған 11 адам амбулаторлық ем алуда. Олардың барлығы дәмхана жұмысшылары. Сондай-ақ жарылыс салдарынан 3 автокөлікке зиян келтірілді.

Өткен демалыс күндері елорданың қақ ортасында тұрған дәмханада газ балон жарылып, алапат өрт болды.Түс кезі болатын. Жайбірақат демалып жатқан Шұбар шағын ауданының тұрғындары жарылыс дауысынан шошып кеттік дейді. Дәмхана екі қабатты коттеджге жапсарлас салынған. Көршілес орналасқан үйдің қожайын Сергей жарылыстың даусын естіп, сыртқа шыққанымда қар үстінде күйік шалған жігіттің жатқанын көрдім дейді.

Сергей Ерекешов – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «Екінші қабатта отырғам. Бір кезде тарс еткен жарылыстың даусын естідім. Мен пеш тұрған бөлмемде жарылыс болды ма деп қалдым. Қарасам көрші тұрған дәмханада өрт болып жатыр. Сыртқа жүгіріп шығып, күйік шалып қар үстінде жатқан жігітті көрдім. Үйіндінің астынан екі әйелді алып шықтым. Сол кезде жедел жәрдем, құтқарушылар, полиция келді».

Төтеншеліктер оқиға орнына хабар түскеннен 7 минутта келіп жеткен. Тілсіз жау  бір адамның өмірін қиып, 34 адам зардап шекті. Құтқарушылар үйіндінің арасынан 1998 жылы туған қызды құтқарды, ол жабық бас ми зақымын алған. Өкіншке орай, оқиға орнында дәмханада ыдыс жуушы болып қызмет атқарып жүрген 1968 жылы туған әйел адам қаза тапты. Жедел медициналық көмек бригадасы зардап шеккендерді емханаға жеткізді. Оның ішінде 11-і дәрігердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді, 23-і ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендеді күйік шалған, көбісі жарақат алған. ауыр хәлед жатқандары да бар.

Зардап шеккендердің барлығы осы дәмхананың қызметкерлері. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Бірақ алдын –ала болжам бойынша, төтенше жағдай газ балонның жарылуынан орын алғаны айтылуда. Өртті өшірген құтқарушылар оқиға орнынан 35 газ баллон шығарған. Бұл дәмхана қожайының қауіпсіздік шараларын өрескел бұзғаны болып табылады дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі

Күз басталғалы Нұр-Сұлтан қаласындағы Шұбар шағын ауданында осымен екінші рет газ балонның жарылуынан өрт орын алып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігін сақтауды ескерту мақсатында тексерісті күшейітпек. Алайда, төтеншеліктер қандай да бір заң бұзушылықты тапса, ол үшін жауапқа тарта алмайды. Тек ескертумен шектеледі. Ал қазір бизнес субьектілерін тексеруге мораторий жарияланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.