0:00 / 0:00
12 қазан күні таңғы сағат 8:40 шамасында өр сөндіру қызметіне хабарлама келіп түскен. Оразбаева 49 көшесіндегі гараж бен жеке тұрғын үй өртке ораныпты.
Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Үйде болған адамдар дер кезінде шығып үлгерген. Қажетті құжаттардың барлығы алыныпты.
Раиса Васильевнаүй иесі - Таңертең тұрып пешті жақтым. Сосын шығып кеттім. Лезде жанып кетті. Ішінде газ балон бар еді. Сол жарылған секілді. Жалын гараждан үйге ауысты. Қырсық шалғанда суды да ажыратып тастап еді. Өз бетімізбен сөндіре алмадық. Не істерімізді білмеймін.
Үй иелері бұл гаражда жиһаз жасаумен айналысқан. Ішінен газ балоны және жанар-жағармай құйылған құтылар шығарылды. Жалынның лезде күш алуына осы газ балонның жарылғаны себеп болыпты. Тілсіз жау жеке тұрғын үй секторын да шарпып өтті. Үй есі осы тұста жеке темір тұлпарын ауладан шығарып үлгерген.
Тілсіз жаудың аумағы 160 шаршы метр. Көршілердің айтуынша, арнайы техникалар қажетті көлемде сумен қамтылмаған. Бірі тіпті бос келді дейді. Алайда төтеншеліктер бұл сөзді жоққа шығарды.
Жалын толығымен 11:35 ауыздықталды. Жалпы Орал қаласында соңғы 9 ай ішінде 154 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 12 адам түрлі жарақат алып, 4 адам құрбан болды.