0:00 / 0:00
Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалғалы Шыңғыс Әрінов салада шешімі табылмай жатқан мәселе жиналып қалғанын айтуда. Әу бастағы жұмысын құтқарушылардың киімінен бастаймын дегенді. Сапасы нашар дегені есімізде. Депутаттардың алдында келген министр саладағы шешімі табылған, табылмай жатқан мәселелерді айтып берді. Жоспарларымен бөлісті. Бас құтқарушы еліміздегі өрт сөндіру деполарының жағдайы мүшкіл екенін айтады. 50-60 жылдардан қалған өрті сөндіру деполары бар. Олардың кейбірі кезінде атқора болған. Жалпы, республика бойынша 432 өрт сөндіру бөлімі бар. Алдағы үш жылда 121 өрт сөндіру депосын салу қажет.
Министр өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі жақсартылды. Енді оның салмағы жеңілірек, бұл құтқару жұмыстарын орындауға ыңғайлы. Сапасы жоғарлап, сыртқы факторларға төзімді етіп жасалған дейді. Сондай-ақ, технкианы да жаңарту керек. Жыл соңына дейін республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, сондай-ақ лизинг шеңберінде 728 бірлік арнайы техника, 18 мыңнан астам керекті жабдықтар сатып алынбақ.
Лизингке 4 ұшақ пен 7 тікұшақ сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, көпқабатты ғимараттардағы өртті сөндіру үшін 2 өртті сөндіру дронын және жедел жағдайды бақылауға арналған 10 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алу жоспарланып отыр. Мұның бәрі жаңа министрдің жаңа жоспарлары. Дегенмен, елде төтенше ажғдай азаймай отыр. Өрт те көп. Адам шығына да бар. Депутаттар Әрінов бастаған төтенше жағдайлар минситрлігінің жұмысына әзірге -5 деген баға беріп отыр.
АЖАР САҒАНДЫҚОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Біз министрліктердің жұмысына 0-ден 5-ке дейін шкалада баға береміз. Ал сіздің министрліктің жұмысын -0-ден -5 дейін деңгейде бағалап отырмыз. Себебі, өрт көп, адам өлімі де көп. Тіпті қызметкерлеріңіз төтенше жағдайда көз жұмып жатыр»
Не керек депутаттар төтенше жағдайлар министрлігінің есебін тыңдай келе, бірнеше ұсынымдарын алға тартты.
Бас құтқарушының жеткізген тағы бір жаңалығы- өңірлердегі Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттері, Өрт сөндіру қызметтері және жедел-құтқару жасақтары Төтенше жағдайлар департаментіне біріктірілетін болады.