0:00 / 0:00
Шаһардағы Ружейников көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі үйден өрт шыққан. 5-ші маусым күні тұрғын үйдің 2 қабатында 4 бірдей пәтер қызыл жалынға оранған. Тілсіз жаудың құрығынан 5 адам құтқарылып, оқиға орнынан 39 адам эвакуацияланыпты. Оның 19-ы бала.
Тұрғындардың айтуы бойынша, өрттің шығуына отбасылық жанжал түрткі болған көрінеді. Жолдасымен сөзге келіп қалған ер адам пәтерге от қойыпты. Салдарынан жалын күш бермей лаулап, 4 пәтерді жалмаған. Отбасылық жанжалдың зардабын жалғызбасты ана тартып отыр. Бір күнде тілсіз жаудың салдарынан бір жанұя баспанасыз қалды.Сол күнгі оқиғаны азаматша қорқынышпен еске алды. Бастысы балаларым дін аман деп шүкіршілік етеді. Жолдасынан айырылып қалған соң екі баласын өзі бағып өсірген. Енді қайда барып тұрарын, кіммен көмек сұрарын білмей дал болуда.
Жалғызбасты анаға көмек беремін деушілер экранда көрсетілген нөмірге хабарласса болады. Ақшалай жәрдем берушілер болса осы телефонға каспий голд шоты бекітілген. Қайырымды жандарға құлаққағыс! Жалғызбасты ана уақытша пана болатын пәтер болса деген тілегін жеткізді.