Орал қаласында өрт қауіпсіздігі айлығы ұйымдастырылуда. Төтенше жағдай басқармасының мамандары қызыл жалынның зардабының алдын алу үшін тұрғындарға арнайы нұсқаулықтар таратуда. Жылыту маусымында өртті болдырмас үшін төтеншеліктер аулаларды тексеруде. Басты мақсат-газ және пешпен жылытатын құрылғыларды анықтау, олардың қауіпсіздігіне көз жеткізу. Қазіргі таңда күн райы салқындағандықтан, үйлерде электр пештерді қолданып отырған жандардың қарасы қалың. Сала мамандары электр пештерін пайдаланған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Тіркелген оқиғалар электрлі пештен де өрт шығуы мүмкін екенін көрсетті.
Сурет ғаламтордан жүктелген.