0:00 / 0:00
Орал қаласында 42 мектеп өрт қауіпсіздігі талабына сай емес. Бұл туралы Орал қалалық төтенше жағдай басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Яғни, өткен жылы төтеншеліктер облыс орталығында орналасқан барлық білім ошақтарын өрт қауіпсіздігі талаптарын тексеріп, олқылықтарды анықтапты. Сала мамандары өрт қауіпсіздігін сақтамаған мектеп директорларына жалпы құны 700 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Олқылықтарды түзетпеген басшыларды сотқа беріпті. Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігінің сақталмауына ғимараттардың ескіргені себеп болып отыр,- дейді.
Жыл сайын төтеншеліктер мектептерді өрт қауіпсіздігіне байланысты тексеріп отырады. Былтырғы тексерістің нәтижесінде қаланың 50 мектебінің 42-сінің талапқа сай келмейтіні анықталыпты. Сала мамандары жалпы заңды тұлғаларға 700 мың теңге көлемінде айыппұл салғанын айтады. Төтеншеліктердің ұйғарымын уақытылы орындамаған лауазымды тұлғалар сот алдында жауап беріпті. Өрт қауіпсіздігінде тіркелген олқылықтарды түзету үшін қалалық білім беру бөлімі 43 млн 656 мың теңге көлемінде қаражат бөлген.
Осындай олқылықтарды болдырмас үшін қалалық №1-мектепте арнайы жиналыс өтті. Шара барысында төтеншеліктер мектеп директорларының сұрақтарына жауап берген болатын.Қазір қала мектептеріне террорлық әректерге қарсы турникеттер қойылғаны белгілі. Ал, төтеншеліктер болса мектепке турникет қою өрт қауіпсіздігі ережесін бұзады,- дейді.Турникет қоймаса тағы пәле, анти терорлық ведомство мектеп терорлық актілер қауіпсіздігіне жауап бермейді деп шығады. Екі оратада таяқ жейтін мектеп диреткорлары. Жиын барысында осындай күрделі мәселер талқыланды.
Сондай-ақ,мектеп директорлары өрт қауіпсіздігіне байланысты жаңашылдықтарды уақытылы хабарлап отырса деген ұсыныстарын ортаға салды. Төтеншеліктер биыл мектептерді ақпаннан бастап, мамырға дейін өрт қауіпсіздігіне тексермек.